ОСК төрағасы құдағиына депутат куәлігін табыстады

0
728
ОСК төрағасы Берік Имашев пен Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева. Photo: sputnik.kz / Vladislav Vodnev

14 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттарға куәлік табыстады. Парламент төменгі палатасына өткен депутаттар ішінде Имашевтың құдағиы Дариға Назарбаева да бар.

Оқи отырыңыз: ОСК мәжілістің жаңа депутаттарын тіркеді

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева “Нұр Отан” партиясының атынан мәжілістің  7-ші шақырылымында депутат болып сайланды. Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәли Әлиев пен ОСК төрағасы Берік Имашевтың қызы Аида Имашева үйленген.

10 қаңтарда өткен парламент сайлауы бойынша:

  • “Нұр Отан” – 71,09 пайыз;
  • “Ақ жол” – 10,95 пайыз;
  • Қазақстанның халық партиясы – 9,1 пайыз;
  • “Ауыл” – 5,29 пайыз;
  • ADAL – 3,57 пайыз дауыс алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз