ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ «Меритократия. Парасаттылық. Инновациялар» атты жыл сайынғы конференциясында Президент резервіндегі жастар қазір қандай қызметте жүргенін айтып берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz.
“Олардың көбісі жеке сектордан келді. Нақтырағы 90 пайызы жеке сектордан келді. Қазір біз 266 адамды орналасырдық. Олардың 34-і саяси және А корпусына қызмет жасап отыр. Сонымен қоса мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерде, директордың орынбасары, директор департаментінің басшылығы, басқарма басшылары сынды қызметтер атқарып жатыр”.