Түркістанда кесене алдында көтерілген ЛГБТ туы халықтың ашуын тудырды

0
274
фото: Видеодан скриншот

«Феминита» қозғалысының өкілдері Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанында ЛГБТ туын көтеріп, гомофобия, трансфобия және лесбофобиямен күресу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Олар кесене алдында ту жайып, жақтастарын мерекені тойлауға Алматыға және Түркістанға шақырды. Одан бөлек Түркістанда “күлгін киіз үйді” керемет өткізгендерін хабарлады.

«IDAHOBIT (Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобиямен күрес күні) құтты болсын. Алматыда бізбен бірге тойлауға келіңіздер.

Біз биыл сіздермен бірге Алматыда атап өтеміз, және “күлгін киіз үйді” керемет өткізген Түркістанда да тойлаймыз.

Қасиетті жерге келіп, өзіміздің құқығымызды қорғауға үлес қостық.

Адам құқығы қорғалған жерде, қасиетті мекен де болады», – дейді «Феминита» қозғалысының өкілдері.

Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа желі қолданушылары наразылығын білдірді. Тіпті бейтарап ұстанымы болса да, қасиетті кесене алдында ЛГБТ туын жайғаны үшін айыптап жатқандар да бар.

«Бұл жағдайда мен мұндай күреске қарсымын, діндар адамдар бар және оларды да құрметтеу керек», «Неге шығарасыздар осындайды? Полиция қайда қарап отыр? Неге қамап қоймайды?», «Қазақстаннан қуып, азаматтықтан айыру керек», – деп жазған наразы желі қолданушылары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз