«Яндекс Такси» жүргізушілері салық төлейді

0
124

1 шілдеден бастап жүргізушілерге салық салу бойынша “Яндекс.Такси” пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бұл интернет-платформалар арқылы барлық жұмыспен қамтылғандарға әсер ететінін атап өтті.

Табыс салығы, әлеуметтік аударымдар, зейнетақы және медициналық сақтандыру жарналарын операторлардың өздеріне жүктеу жоспарлап отыр. Бұл ретте жүргізушілер, курьерлер және өзге де қызметкерлер пилоттық жобаға ерікті негізде қатысады.

“Ол үшін азаматтарға арнайы салық режимін қолдана отырып және e-Salyq Business мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет “, – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз