6 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары туралы сөз етті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылаған.
Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.