Владимир Жириновский қайтыс болды

0
206
Владимир Жириновский. Photo: Ria novosti

Ресей либерал демократиялық партиясының жетекшісі, ультраұлтшыл саясаткер Владимир Жириновский 75 жасында қайтыс болды. Бұл туралы мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин хабарлады.

Ақпан айының басында Жириновскийдің коронавирусқа шалдығып, ауруханаға түскені белгілі болған.

“Владимир Вольфович Жириновский ауыр әрі созылмалы аурудан қайтыс болды” деп жазды мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин телеграм-арнасында.

БАҚ 25 наурызда жаңылысып, ауруханада жатқан ЛДПР жетекшісінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты таратқан кезде Володин мәліметті жоққа шығарған. Ол Жириновский өлімі жайлы бірінші болып хабарлаған БАҚ-ты сотқа беретінін айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз