Тоқаев мамыр айында Қырғызстанға барады

0
192
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. Photo: akorda.kz

6 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары туралы сөз етті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

“Мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті”- делінген хабарламада.

Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылаған.

Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз