Президент Тоқаев сайлауда дауыс берді

0
371
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

10 қаңтар күні Нұр-Сұлтандағы 58 сайлау учаскесінде (Оқушылар сарайы) Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді.

Президент Тоқаев елде сайлауға байланысты митинг бола қалған жағдайда, полиция қызметкерлері заңға сәйкес әрекет ететінін айтты. Наразылыққа қатысушылар қудаланбайтынын жеткізді.

ОСК баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлауда 400-ге жуық шетелдік бақылаушы болады.

Елде мәжіліс пен мәслихатқа тек партиялық тізіммен сайланады. Жеке кандидаттар сайлауға өзін ұсына алмайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 58 сайлау учаскесінде дауыс беріп тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау басталды

КІМ ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ?

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” конституциялық заңның 4-бабына сай, 18 жасқа толған Қазақстан азаматы тегiне, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқылы. Сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сот үкiмiмен бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлауға қатыспайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыс және сондай құқық бұзушылық жасағаны сотта дәлелденген адам сайлауға кандидат болып түсе алмайды.

Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 1 қазандағы мәліметінше, елде 11,8 млн сайлаушы тіркелген.

САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП ЖАТҚАН 5 ПАРТИЯ

Елде ресми тіркелген алты партияның бесеуі: “Нұр Отан”, “Ақ жол”, “Адал” (бұрынғы “Бірлік”), “Ауыл” және “Қазақстан халық партиясы” (бұрынғы “Қазақстан коммунистік халық партиясы”) мәжіліс сайлауына 312 кандидат (90 әйел, 222 ер адам) ұсынған. Кандидаттардың орташа жасы – 46,7. Ең жасы 25-те. Бұл жолы парламент сайлауына түсіп жатқандардың арасында қазіргі алтыншы шақырылымдағы мәжілістің 34 депутаты да бар.

САЙЛАУҒА НЕШЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ?

2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау науқанына республикалық бюджеттен 15,3 млрд. теңге (2020 жылға 10,8 млрд.теңге; 2021 жылға 4,5 млрд. теңге) бөлу қарастырылған.

10 қаңтардағы дауыс беру қорытындысы бойынша, парламент мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Тағы тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы тағайындайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз