Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды

0
279
Нұрсұлтан Назарбаев. Photo: Turar Kazangapov

10 қаңтар күні Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Астана Опера” театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс берді. 

Назарбаев өз сөзінде сайлауға дейін біраз жұмыстың атқарылғанын, әйелдер мен жастардың 30 проценттік квотасы да бар екенін атап өткен.

Нұрсұлтан Назарбаев “Астана Опера” театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс беріп тұр.
Photo: Turar Kazangapov

“Қазақ елінің, отанымыздың болашағы бір, үміті бір, мүддесі бір. Біздің қанымыз да, жанымыз да, жеріміз де бір. Сондықтан бүкіл дүниенің алдында тағы да бірлігімізді көрсетуіміз керек. Бұл сайлауда біз болашақ үшін, бірлік үшін, еліміздің ішіндегі тыныштық үшін дауыс беретін боламыз. Сондықтан әлі дауыс бермеген азаматтарға сайлау учаскесіне келіп, өзінің азаматтық және конститутциялық құқығын орындауға шақырамын “, – деді Назарбаев.

Қазақстанда Парламенті мәжілісі және мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтіп жатыр. ОСК сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жүргізілетінін хабарлады.

САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП ЖАТҚАН 5 ПАРТИЯ

Елде ресми тіркелген алты партияның бесеуі: “Нұр Отан”, “Ақ жол”, “Адал” (бұрынғы “Бірлік”), “Ауыл” және “Қазақстан халық партиясы” (бұрынғы “Қазақстан коммунистік халық партиясы”) мәжіліс сайлауына 312 кандидат (90 әйел, 222 ер адам) ұсынған. Кандидаттардың орташа жасы – 46,7. Ең жасы 25-те. Бұл жолы парламент сайлауына түсіп жатқандардың арасында қазіргі алтыншы шақырылымдағы мәжілістің 34 депутаты да бар.

10 қаңтардағы дауыс беру қорытындысы бойынша, парламент мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Тағы тоғыз депутатты Нұрcұлтан Назарбаев басқарып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы тағайындайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз