Ресей президенті Владимир Путин Режеп Тайып Ердоғанды президентікке сайлануымен құттықтады. Мемлекет басшылары Түркиядағы президент сайлауы мәресіне жеткеннен кейін телефон арқылы тілдесіп, әріптестікті әрі қарай нығайтуға байланысты пікір алмасты.
Сайлау алдында түрік басшысы TRT телеарнасына берген сұхбаты барысында өзімен қоса Путинді өзге мемлекет қайраткерлерінен ерекше даралап көрсеткен еді: қазіргі уақытта БҰҰ Бас ассамблеясында тек екі нағыз тәжірибелі саясаткер бар, – деп мәлімдеген Ердоған қос президент те (өзі және Путин туралы -ред) бұған дейін премьер-министр лауазымын атқарғандарын ойға салды.
«Қос саясаткерді ақиқатында авторитар жетекшілер деп атап, бір типтегі саясаткерлер деп қарастырады. Ердоғанға берілетін ендігі баға Түркия Конституциясына сәйкес, оның жаңа лауазымен де тікелей байланысты», – дейді Таяу Шығысты зерттеу орталығының басшысы Семён Багдасаров Euronews-ке берген сұхбаты барысында.
«Абсолютті монархия лауазымына ие сұлтан»
Багдасаровтың сөзінше, Ердоған қазір президент, сондай-ақ парламентті де басқаратын «абсолютті монархия лауазымына ие сұлтан». «Бұл басқарудың авторитарлы әдісі – сондай мемлекет, сондай менталитет, бұның анау айтқандай ерекшелігі жоқ. », – деген Багдасаров батыс демократиясы әр мемлекетте орнауы шарт еместігін алға тартады. Багдасаров сайлаушылардың кең қолдауын пайдалана отырып, сондай-ақ жаңа лауазымға ие болуы арқасында Ердоған Түркияны соңғы демі біткенше билейді, – дейді.