Футболдан әлем чемпионатында саяси дау шықты

0
87
Джердан Шакири "Косово бүркітін" көрсетуде

Футболдан әлем чемпионатында Швейцария мен Сербия көрсеткен ойынның соңына қарай швейцариялық қос футболшының Косово елтаңбасындағы бүркітті қолмен бейнелеуіне Халықаралық футбол федерациясы ассоциациясы жұмсақ көзқарас танытты. Серб жаттықтырушысы ойынның төрешісін сотқа беруге ниетті екенін жеткізсе де, FIFA дисциплинарлық комиссиясы 25 маусымда құрамаға ақшалай айыппұл салып, ескерту жасаумен шектелді.

Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, Швейцария құрамасының шабуылдаушысы, косоволық этникалық албандар Гранит Джака мен Джердан Шакири FIFA саяси белгі ретінде қарастыратын қолмен көрсеткен бейнелері үшін 8680 еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндетті; құрама капитаны Штефан Лихтштайнерге 4340 еуро көлемінде айыппұл салынды. Джака мен Шакири ойын барысында тәуелсіздігін 110 мемлекет мойындаған бұрынғы оңтүстік серб провинциясының гербіндегі қос басты бүркітті қолдарымен бейнелеген.

Өз кезегінде, серб жанкүйерлерінің ерсі әрекеттері үшін Сербия Футбол одағына 46860 еуро көлемінде айыппұл салынды, ал одақтың президенті Славиша Кокеза 4340 еуро көлемінде айыппұл төлеуі міндеттелді.

Нацизмге еліккен серб жанкүйерлері ойын барысында «Албандарға өлім!» деп бірнеше рет шулаған. Жанкүйерлердің “шиптара” деген сөзді қолдануы бұл албандар үшін нәсілшіл кемсіту болып саналады.


Футболдан әлем чемпионатының екінші топтық раундындағы Швейцария-Сербия матчы 22 маусымда Калиниградта өтті. Швейцария 2:1 есебімен жеңіске жетті.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз