Ердоған Назарбаевқа ризашылығын білдірді

0
56

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Републикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды Түркия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанның осы сайлаудағы жеңісі түрік халқының оның жүргізіп отырған саясатына қолдау көрсеткенінің айқын дәлелі екенін атап өтті.

Режеп Ердоған Қазақстан Президентіне ризашылық білдіре отырып, сайлаудың демократия қағидаттарына сай, халықтың жаппай қатысуымен өткенін айтты.


Сондай-ақ, екі мемлекет басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз