ҰҚК Оралда діни радикалды топты құрықтады

0
142
knb.kz

25 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті күштері Орал қаласында діни радикалды  топты құрықтады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпарға сәйкес, радикалды топтың 8 мүшесі құрықталып, олардан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленген.

Ұсталған азаматтар Қазақстан аумағында бірқатар лаңкестік әрекеттер жасауға ниеттелуде, лаңкестікке үгіттеуде және мүліктік қылмыста айыпталды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз