Мысырлық жаттықтырушы Саудиямен болған матчты тізгіндеп отырып қайтыс болды

0
145
Rg.ru

Мысыр құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, футболшы Әбдірахим Мұхаммед Негм футболдан әлем чемпионатында өз құрамасының Сауд Арабиясымен болып жатқан матчын тізгіндеп отырып, жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл туралы Arab News басылымы хабарлайды.

Ойын барысында Мысыр құрамасы Сауд Арабиясы құрамасына 1:0 көрсеткішімен есе жіберіп жатқан еді. Жергілікті телеарналардың бірінде ойынға анықтама беріп отырған Негмнің жүрек талмасы ұстап қалған. Кейіннен жаттықтырушы қайтыс болған.

Бұған дейін Негм Мысырдың «Замалек» құрамасын жаттықтырған.


Мысырлықтар әлем чемпионатында А тобында Ресей, Сауд Арабиясы және Уругвай құрамаларымен ойын көрсетті. Құрама үш ойында да жеңіліс тауып, соңғы орындарға жайғасқан еді. Плей-офф кезеңіне Ресей мен Оңтүстік америкалықтар шықты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз