Өткен аптада сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін елдің Түркиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Еркебұлан Сәпиевке және бұрынғы елші Абзал Сапарбекұлына “Құрмет” орденін тақты. Бұл жөнінде СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның Түркиядағы елшісі ауысты
Еске салайық, 15 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған. Бұған дейін Қазақстанның Түркиядағы елшісі болған Абзал Сапарбекұлының елші болу мерзімі аяқталған еді.