BBC: Украинадан кеткендерден елге оралғандар көп

0
217
Photo: vox.com

Польша шекара қызметінің дерегінше, 16 сәуірде Украинаға 22 мың адам оралған. Ал сол күні Украинадан 19200 адам Польшаға өткен. Яғни, соғыс басталған 24 ақпаннан бері Украина аумағынан шыққандар санынан оралғандар саны алғаш рет асып отыр. Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап RFE/RL қазақ қызметі хабарлады.

Украинаға оралғандардың көбі туыстарымен жүздесу үшін бірнеше күнге ғана келген, олар шекара маңынан алысқа ұзамағанды жөн көреді. Алайда елде қалу үшін оралып жатқандар да бар. Өткен аптада Киев мэрі Виталий Кличко Ресей армиясы басқыншылық шабуылын жалғастырып жатқандықтан, мекен-жайын тастап кетуге мәжбүр болған украин азаматтарына үйге оралу әлі де қауіпті екенін ескерткен.

БҰҰ дерегінше, Ресей соғыс ашқалы бері Украинаның 4,8 млн-ға жуық азаматы елден кетуге мәжбүр болған. Содан бері 650 мыңнан астам адам Украинаға оралған.

7 млн-нан астам адам үй-жайын тастап, елдің шекара аймағына қоныс аударуға мәжбүр болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз