АҚШ-тан Украинаға қару-жарақтар келе бастады

0
244
U.S. Army Sgt. Andrew Hewett, a Cannon Crewmember assigned to Battery C, 2nd Battalion, 319th Airborne Field Artillery Regiment, 82nd Airborne Division directs his crew to place their M777 towed 155 mm howitzer in its firing position near Mosul, Iraq, Feb. 03, 2017. Battery C is supporting Combined Joint Task Force-Operation Inherent Resolve, the global Coalition to defeat ISIL in Iraq and Syria. (U.S. Army photo by Spc. Craig Jensen)

Вашингтонның Киевке қауіпсіздігін нығайтуы үшін бөлген 800 млн долларлық көмегі аясында АҚШ жіберген қару-жарақ, оқ-дәрілер Украинаға келе бастады. Бұл жөнінде Америка үкіметіндегі дереккөзге сүйенген CNN хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қосымша қару-жарақ пен оқ-дәрі жөнелтуді осы апта басында мақұлдаған.

АҚШ Украинаға қуатты қару түрлерін беруге алғаш рет келісіп отыр. Бірнеше апта бұрын Байден әкімшілігіндегі кейбір шенеуніктер Ми-17 тікұшағының 11 данасы, 18 155-мм гаубица, 300 Switchblade дроны тәрізді қуатты қару түрлерін Киевке беру жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деген қауіп айтқан.

Өткен жұмада АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі қару-жарақ пен жабдықтар тиелген алғашқы рейс аймаққа алдағы күндері жеткізіледі деп мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз