Тоқаев баспасөз хатшысын қызметінен босатты

0
348
Берік Уәли.

29 наурызда Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли қызметінен босатылды. Ол мемлекеттік “Хабар агенттігі” АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

“Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды”, – делінген ақпаратта.

45 жастағы Берік Уәли 2019 жылы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалған. Оған дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды. Әр жылдары түрлі министрліктер мен әкімдіктерде түрлі қызмет атқарған. 31-арна, НТК, “Таң” және өзге де ақпарат құралдарында істеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз