Түркияда Украина-Ресей келіссөзінің кезекті раунды басталды

0
266
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина мен Ресей делегациясының алдында сөйлеп тұр. 29 наурыз 2022 жыл. Photo: REUTERS

29 наурыз Стамбулдағы “Долмабахче” сарайында Украина мен Ресей арасында келіссөздің жаңа раундты басталды. Екі елдің делегациясы Стамбулға кеше, 28 наурызда келген. Бұл жөнінде Анадолы агенттігіне сілтеме жасап RFE/RL қазақ қызметі хабарлады.

Жиын алдында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сөз сөйлеп, “Әділетті бейбітшілік – екі тарап үшін де жеңіс, қақтығысты жалғастыру екі тарапқа да пайда әкелмейді. Халықаралық қауымдастық Стамбулдағы кездесуден жақсы шешім күтеді” деді.

Әлемдік БАҚ хабарлауынша, Ердоған келіссөз алдында ресейлік олигарх Роман Абрамовичпен сөйлескен. Бұған дейін кейбір дереккөздер Абрамовичтің келіссөзге қатысатынын айтқан еді.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның сөзінше, Киевтің мақсаты кемі “гуманитарлық мәселені шешу”, максимум – атысты тоқтатуға келісу.

Британдық Financial Times басылымының жазуынша, егер Украина өзін бейтарап ел деп жариялайтын болса, онда Кремль Украинаға денацификация жайлы талап қоюдан бас тартуға және Украинаның Еуропа Одағы құрамына енуіне келісім беруге әзір.

Тараптар наурыздың басында Беларусьте келіссөз өткізген, кейін бұл процесс видеобайланыс арқылы жалғасқан еді. Стамбулдағы келіссөз екі күн өтеді және журналистер қатыспайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз