Тоқаев бірнеше адамды қызметке тағайындады

0
179
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Bort #1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайта сайланғаннан кейін, бірнеше адамның қызметін ауыстырды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды.
  • Тілеген Төлегенұлы Каскин Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды.
  • Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.
  • Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды.
  • Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
  • Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
  • Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.
  • Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
  • Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
  • Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз