Тұмаумен қалай күресуге болады

0
94
фото: Ernur.kz

Тұмау – кез-келген адам ауырып қалуы мүмкін жедел жұқпалы ауру. Тұмаудың қоздырғышы – ауру адамдар түшкіргенде және жөтелгенде қоршаған ортаға енетін вирус. 

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша көптеген адамдар жеңіл тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулері ауыр түрімен, кейде асқынулармен де ауырады. Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу – бұл адам ағзасына ауру тудыратын вирустармен инфекцияның алдын алуға бағытталған шаралар кешені. Профилактикалық қорғаныс әдістері спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді.

Тұмаудың спецификалық профилактикасы халықты жыл сайын вакцинациялау болып табылады.
Тұмау вирустары мутацияға бейім болғандықтан, вакцина жыл сайын түзетіледі. Заманауи вакцина ересектерде де, балаларда да 80% жағдайда тұмаудан ғана емес, сонымен қатар асқынулардан және өлімнен де қорғай алады.

Тұмау мен ЖРВИ-дің спецификалық емес алдын алуы – бұл жалпы шаралар кешенін сақтау, олар: бөлмені желдету, дұрыс тамақтану, маскаларды қолдану, қолды жуу, дәрі-дәрмектерді қабылдау, адамдар көп жиналатын жерлерде қашықтықты сақтау.

Жеке гигиенаға келетін болсақ, көптеген аурулар жуылмаған қолмен байланысты. Егер тұмау жұқтырған адаммен үнемі байланыста болу керек болса, қолды сабынмен бірнеше рет жуып тұрған дұрыс. Осы кезеңде қол алысудан аулақ болып, есік тұтқаларын, қоғамдық орындардағы тұтқаларды ұстағаннан кейін, антисептик қолдану немесе қолды тазалап жуу қажет.


Мұрынды шаюды ұмытпаған жөн!

Енді дәрігерлер эпидемия кезінде мұрынды шайып, жууға кеңес береді. Мұны тұзды ерітіндімен (бір литр суға 1 шай қасық тұз) немесе дәріханаларда сатылатын арнайы тұзды спрейлермен жасауға болады. Вирус жылы және шаңды бөлмелерді жақсы көреді, сондықтан ылғалды тазалауға және желдетуге уақыт бөлген жөн. Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу керек. Осы кезеңде театрларға, цирктерге, кафелерге және жұқтырған адамдар болуы мүмкін және вирусты жұқтыру мүмкіндігі жоғары басқа жерлерге барудан бас тартқан дұрыс.

Тұмау мен ЖРВИ-ді емдеу үшін тұмаудың клиникалық белгілерін жеңілдететін және аурудың ұзақтығын орта есеппен 1,5 — 3 күнге қысқартатын дәрі-дәрмектерді қолдану қажет. Олар: дене температурасы жоғарылаған кезде – қызу түсіргіш дәрілер, тамақ ауруы кезінде – жергілікті антисептиктер және қабынуға қарсы препараттар, жөтел кезінде – қақырық шығаратын дәрілер.
Вирусқа қарсы препараттарға келетін болсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұмауды емдеу үшін балаларға, ересектерге және жүкті әйелдерге арналған оселтамивир препаратын бекітті.

Бұл препаратпен емдеу ауру басталғаннан кейінгі алғашқы 48 сағат ішінде қабылданған жағдайда ғана тиімді болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз