2 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.
Ақорда мәліметінше, президенттер екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылаған.
Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өткен.
Кремлин сайтының жазуынша, Путин мен Тоқаев Ресейдің Донбаста жасап жатқан әскери операциясы және орыс-қазақ стратегиялық әріптестік пен әртүрлі саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылаған.