Тоқаев Қарулы күштер басшылығын жинады

0
407
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштер басшылығымен жиналыс жасап отыр. Photo: Akorda.kz

Сәрсенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде армияны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.

Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берген. Сонымен қатар заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне назар аударған.

Жиында Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау мәселелері талқыланған. Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырылды.

Мемлекет басшысы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, меритократия қағидаты негізінде мансапты өсіру мақсатымен әскери білім беру және кадрлық саясат жүйесін дамыту мәселелеріне баса мән берген. Президент әскери қызметшілер мен әскери қызметтің әлеуметтік мәртебесін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру қажеттігі туралы айтты.

Жиын соңында Тоқаев мемлекеттің мүддесін және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғау Қарулы күштердің міндеті екенін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз