Тоқаев пен Зеленский Украина мәселесін талқылады

0
263
Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Зеленский. Photo: Akorda.kz

Сәрсенбі кешке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина басшысы Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті.

Ақорда сайтының хабарлауынша, Украина тарабы телефон шалған.

“Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті” деп жазылған Ақорда таратқан қысқа хабарламада.

Зеленский сөзіне сүйенген Украина ақпарат құралдарының жазуынша, ол Тоқаевпен бірге “аймақтағы қауіпсіздік” мәселесін талқылаған. Екі басшы “гуманитарлық мәселелер бойынша ынтымақтастық орнатуға келіскен”.

Ақорда мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей басшысы Владимир Путинмен сөйлескенін хабарлаған. Тоқаев Путинге Украина төңірегіндегі ахуал бойынша “ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін” атап өткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз