Қазақстанның бас прокуроры тағайындалды

0
267
Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов.

3 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бас прокуроры лауазымына Берік Асыловтың кандидатурасын ұсынды. Сенат депутаттары президент ұсынысын бірауыздан қолдады.

56 жастағы Берік Асылов 2019 жылдың наурызынан бүгінге дейін бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ол бұл қызметті 2010-2011 жылдары да атқарған. 2017-2019 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының, 2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуроры болған.

25 ақпанда бұған дейін бас прокурор болған Ғизат Нұрдәулетов лауазымынан босатылды. Тоқаев оны Исекешевтің орнына Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз