Тобыл – 2022 Қазақстан суперкубогының жеңімпазы

0
236
photo: kazfootball.kz Тобыл командасы Қазақстан суперкубогының жеңімпазы атанды

2 наурызда футболдан Қазақстан суперкубогының финалдық матчында алматылық “Қайрат” мен қостанайлық “Тобыл” командалары кездесіп, 2-1 есебімен “Тобыл” командасы жеңіске жетті.

Суперкубок ойыны Нұр-сұлтан қаласындағы “Астана Арена” стадионында жанкүйерлер қатысуымен өтті.

Алғаш болып қостанайлық Серікжан Мұжықов ойынның 30 минутында VAR жүйесі арқылы қойылған пенальтиден гол соғып, есеп ашты. Алайда араға он минут салып Жоао Пауло есепті теңестірді.

Үзілістен кейін қайраттықтарда есепте алға шығатын мүмкіндік болды. Бірақ, Рикарду Алвеш 60-минутта пенальтиден гол соға алмады. Тобылдық ойыншы Айбар Жақсылықов 83-минутта гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның кәсіпқой футбол турнирлерінің күнтізбесі жарияланды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз