Қазақстанның кәсіпқой футбол турнирлерінің күнтізбесі жарияланды

0
300

15 ақпанда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионатының, суперкубогының және Қазақстан кубогының ойындар күнтізбесін жариялады. Маусым суперкубок матчымен басталып, Қазақстан кубогының финалымен аяқталады. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы маусым өткен жылғыдай суперкубок ойынымен басталады. Алайда былтыр суперкубок үшін таласта 4 команда өнер көрсеткенімен биыл тек екі клуб өзара жарысады. Өткен маусымдағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы қостанайлық “Тобыл” мен Қазақстан кубогының жеңімпазы алматылық “Қайрат” 2 наурыз күні, Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана-Арена” стадионында бақ сынасады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы суперкубок ойынында “Тобыл” командасы жеңімпаз атанған еді.
 
 

Қазақстан чемпионаты: Бірінші айналым; I тур:

5 наурыз (сенбі)

  • Каспий – Қызыл-Жар СК
  • Тұран – Тараз
  • Атырау – Ақсу
  • Астана – Шахтер
  • Ордабасы – Мақтаарал

6 наурыз (жексенбі)

  • Қайрат – Ақтөбе
  • Тобыл – Ақжайық

II тур:

10 наурыз (бейсенбі)

  • Ақсу – Астана
  • Тараз – Ордабасы
  • Қызыл-Жар СК – Шахтер

11 наурыз (жұма)

  • Мақтаарал – Қайрат
    Каспий – Тобыл
    Ақтөбе – Атырау
    Ақжайық – Тұран
  •  

2022 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионатының, суперкубогының және Қазақстан кубогының ойындар күнтізбесін жүктеу үшін басыңыз:

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз