Тоқаев Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді

0
358
Қатардағы экономика форумында сұраққа жауап беріп отырған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарда өткен экономикалық форумда Украинадағы соғысқа қатысты сұраққа жауап берді. Ол келіссөздерді жалғастыра берудің маңызды екенін атап өткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Тоқаев пікірінше, бұл қақтығысты шешуге тараптардың ерік-жігері қажет. Сонымен қатар ол халықаралық қауымдастықтағы пікір қайшылығы мен аталған мәселені шешуде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қауқарсыздық танытып отырғанына тоқталды.

“БҰҰ ешқашан мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болған емес. Тіпті “Қырғи-қабақ соғыс” кезінде де Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлігі бұдан әлдеқайда мығым еді. Мен БҰҰ-ның болашағына қатты алаңдаймын. Осы ретте, көпқырлы саясатқа сенемін. Бұл ретте мен халықаралық қауымдастықтың бірлік танытып, ынтымақтаса отырып, екі мемлекеттің бейбіт бітімге келуі үшін оң ықпал етуі керек деп санаймын”, – деді Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз