ҰҚК: Назарбаевтың немере інісі тергеу назарында

0
208
Самат Әбіш.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш — тергеу назарында. Бұл жөнінде сәрсенбі күні мәжіліс дәлізінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты.

Дегенмен ҰҚК өкілі “Самат Әбіш бостандықта ма, қамауда ма” деген сұраққа “білмеймін” деп жауап берді.

Биыл Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары қамауға алынған. Оларға “билікті күшпен басып алуға талпынды”, “ірі көлемде пара алды”, “қызмет бабын асыра пайдаланды” деген айыптар тағылған. Оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған.

Қаңтар оқиғасынан соң бірер аптадан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш те қызметінен алынған. Алайда оның үстінен қылмыстық іс қозғалмаған.

Өткен ай соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз