Журналист Нобель медалін 103,5 млн долларға сатып, қаржыны украиналық босқындарға аударды

0
266
Дмитрий Муратов. Photo: RBK

Былтыр “Новая газетаның” бас редакторы Дмитрий Муратовқа берілген Нобель сыйлығының лауреаты медалі АҚШ аукционында 103 жарым миллион долларға сатылды. Бұл ақпарат Американың аукцион өткізген Heritage Auctions сауда үйінің сайтына сілтеме жасап RFE/RL қазақ қызметі хабарлады.

Медалді сатып алушының аты-жөні белгісіз.

Аукционнан түскен ақшаның бәрі украин босқындары мен олардың балаларына жұмсау үшін Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қорына (ЮНИСЕФ) аударылады. Сауданың өзі 20 маусым – Дүниежүзілік босқындар күні өткен.

БАҚ жазуына қарағанда, бұл – Нобель сыйлығының тарихындағы ең қымбат бағаға сатылған медаль.

2014 жылы Нобель медалін физиология саласын бойынша лауреат Джеймс Уотсон 4,8 миллион долларға сатқан. 2015 жылы физика саласы бойынша лауреат Леон Ледерман медициналық шотын төлеу үшін 765 мың долларға саудалаған.

2021 жылы қазан айында алған медалін сататынын Дмитрий Муратов биыл наурызда хабарлаған. Бұл идеяны өзі басқаратын “Новая газетаның” редакциясы қолдағаны сөз болған.

Былтыр қазанда Филиппин азаматы Мария Ресса мен Дмитрий Муратовқа “демократия мен бейбітшілік шарты болып табылатын ой-пікір еркіндігін қорғауға күш салғаны үшін” Нобель сыйлығы берілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз