ҚМДБ журналистерінің форумы өтті

0
222
ҚМДБ медиа форумына қатысушылар.

21 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында «Ізгілік жаршысы» тақырыбындағы мүфтият журналистерінің республикалық форумы өтті.

Жиын Құран аяттарын оқумен басталып, дін мен медиа жайлы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мүфтият журналистерінің медиафорумына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, “Egemen Qazaqstan” республикалық газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп, “Айқын” газетінің бас редакторы Амангелді Құрметұлы, “Túrkistan” газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, “Астана ақшамы” газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай және белгілі тележурналист, танымал диктор Зейін Әліпбек, сонымен қатар ҚМДБ-ның аймақтардағы баспасөз өкілдері қатысты.

Журналист Төлен Тілеубай баяндама жасап тұр.
Журналист Зейін Әліпбек.

“Айқын” газетінің бас редакторы Амангелді Құрметұлы сөйлеп жатыр.

Форумда діни журналистиканың ақпарат айдынындағы орны, жаңа медианың жаңалықтары, шынайы ақпаратты анықтау тәсілдері, жалған діни ұрандардан сақтану жолдары т.б тақырыптарында баяндама жасалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз