Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz
Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.
Мемлекет басшысы 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар Президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.