Президент жанынан арнайы ғылыми технологиялық кеңес құрылады

0
172
Ақорда.

Бұл туралы үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Кazaknews.kz ақпараттық агенттігі.

«АҚШ, Франция, Израиль, Жапония, Қытай секілді елдерде президент немесе бірінші басшының жанында арнайы ғылыми технологиялық кеңес бар. Ең атақтысы АҚШ-та Франклин Делано Рузвельт 34 жылы президент болып келгенде, осындай кеңесшісін тағайындайды. Вэнивар Буш MIT университетінің атақты профессоры, президент өмірден қайтқаннан кейін, Труман, Эйзенхауэр президенттер кезінде ол тұрақты кеңес басшысы болды»,- деп түсіндірді С.Нұрбек.

Министрдің айтуынша, дәл осындай кеңес енді біздің президентіміздің жанында да құрылды және 12 сәуірде бірінші отырысы болып өткен. Оның құрамына 42 адам кірген. Арасында Нобель сыйлығының иегері Джордж Фицджеральд Смут және онға жуық шетелдік ғалымдар бар. Оның төрағасы мемлекет басшысының өзі. Кеңестегі ғалымдар кесте бойынша өз ұсыныстарын тікелей президентке жеткізіп, тығыз байланыста болады. Кеңес жылына бірнеше рет өткізіледі деп күтіліп отыр.

Кеңес негізгі стратегиялық бағыттарды, мемлекеттік саясаттың қалыптасуын, оның жүзеге асырылуын, ғылыми тұрғыда негіздеме алуына мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз