Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы президеннттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
“Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді”, – делінген жазбада.
Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.
Айта кетейік, қыркүйектің 11-12 күндеріне мемлекет басшысының ҚХР-ға мемлекеттік сапары жоспарланған.