Тоқаев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын ауыстырды

0
522
Марат Ахметжанов пен Алик Шпекбаев. Photo: KazTAG

16 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қызметінен босатып, орнына Марат Ахметжановты тағайындады. 

Алик Шпекбаевтың қандай қызметке тағайындалғаны әлі белгісіз.

Марат Ахметжанов 2016 жылдың маусым айынан бері бас прокурордың орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне жетекшілік еткен. Ал Алик Шпекбаев 2019 жылдың маусым айынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған.

Билік “парақорлықпен күресетін” көптеген бағдарлама ұсынса да, Қазақстан әлемдік жемқорлық индексінде “парақорлық жайлаған елдердің” қатарында тұр. Ресми мәлімет бойынша, былтыр республика деңгейіндегі – 34, облыс деңгейіндегі – 72, қала және аудан деңгейіндегі 89 басшы қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз