Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып жатыр

0
194
Жедел жәрдем көліктері.

Қазақстанда өткен тәулікте 2656 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 281 351 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

16 сәуір таңертеңгі ақпаратта 2656 адам вирус жұқтырып, оның ішінде ең көп Нұр-Сұлтан (601) және Алматы (673) қалаларында табылды. Бұдан бөлек 2177 адам індеттен жазылып, барлығы 241625 адамға жетті. Ал, 27 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 3333 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 36 868 адам ем қабылдауда (36 393 КВИ+ және 475 КВИ-). Стационарларда 12 941 науқас жатыр. 23 927 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 71 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 90 адам. Осылайша елде пневмонияны 51 695 адам жұқтырып, 50 478 адам жазылған.

Соңғы 1 аптадағы коронавирус статистикасы:

10.04.2021

  • Жұқтырғандар: 2734 кісі
  • Жазылғандар: 1511 кісі
  • Қайтыс болғандар: 12 кісі

11.04.2021

  • Жұқтырғандар: 2842 кісі
  • Жазылғандар: 1222 кісі
  • Қайтыс болғандар: 19 кісі

12.04.2021

  • Жұқтырғандар: 2290 кісі
  • Жазылғандар: 608 кісі
  • Қайтыс болғандар: 15 кісі

13.04.2021

  • Жұқтырғандар: 2016 кісі
  • Жазылғандар: 1197 кісі
  • Қайтыс болғандар: 24 кісі

14.04.2021

  • Жұқтырғандар: 2229 кісі
  • Жазылғандар: 1584 кісі
  • Қайтыс болғандар: 26 кісі

15.04.2021

  • Жұқтырғандар: 2641 кісі
  • Жазылғандар: 2002 кісі
  • Қайтыс болғандар: 20 кісі

16.04.2021

  • Жұқтырғандар: 2656 кісі
  • Жазылғандар: 2177 кісі
  • Қайтыс болғандар: 27 кісі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз