АҚШ пен Ресей арасы ушыға түсті

0
453
Photo: fpri.org. The crack between the flags of America and Russia close up.

АҚШ-тағы 2020 жылғы президент сайлауына ықпал етуге тырысқаны үшін және жалған ақпарат тарату әрекеті үшін Вашингтон бейсенбі күні Ресейдегі 32 заңды және жеке тұлғаға жаңа санкция салды. 

Президент Джо Байденнің жарлығымен Ресейдің Вашингтондағы елшілігінде жұмыс істейтін арнайы қызмет өкілдері мен дипломаттардан тұратын он қызметкерді шығарып жіберу көзделген.

АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресей банкі, ұлттық әл-ауқат қоры және қаржы министрлігі шығарған облигацияларды сатып алуға, оларға қарыз беруге тыйым салды. Бұл тыйым 2021 жылғы 14 маусымда күшіне енеді.

Санкцияға ілінген ұйымдар қатарында Краснодар өлкесіндегі “ЭРА” технополисі бар, онда Ресей қорғаныс министрлігінің шақыруымен жекеменшік және мемлекеттік компаниялар жұмыс істейді. Бұған қоса, ақпарат қорғау, ІТ-инфрақұрылымды тексеру және киберқауіпке қарсы тұру ұйымдарына санкция салынды. Бұл ұйымдардың қатарында “Спецвузавтоматика” ғылыми зеттеу институты мен Positive Technologies компаниясы бар.

Қара тізімге ілінген адамдар қатарында Ресей президенті Владимир Путиннің бұрынғы баспасөз хатшысы Алексей Громов бар. Қазір ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарады.

РЕСЕЙДІҢ ЖАУАБЫ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?

Жоғарыдағы ақпарат жарияланған соң көп ұзамай, Ресей АҚШ дипломатиялық миссиясының 10 қызметкерін елден шығарып, Американың 15 сәуірде салған санкциясын дәл солай қарымта қайтаратынын хабарлады. Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасының халықаралық істер комитетінің төрағасы Алексей Чепа айтты.

“Біз де олар сияқты он қызметкерді шығарамыз, оның үстіне біздің ішкі ісімізге шынымен араласқан компанияларға тағатын кінәміз жеткілікті. Оларға қатысты да лайықты шаралар қолданылады” деді ол.

Алексей Чепаның айтуынша, бұл “халықаралық ахуалды жақсартпайды”, бірақ Ресей сонда да мұндай қадамға баруға мәжбүр. “Әрине, Америкадағы русофобия лоббиі машинасын тоқтатпақ емес” деді Чепа.

Мұның алдында Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ елшісі Джон Салливанға Америка жаңа санкция салуды тоқтатуы керектігін, болмаса Ресей “батыл қадамға баруға” мәжбүр болатынын айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз