Жапонияда қазақтар қауымдастығы құрылды

0
273
Photo: Mfa Qazaqstan

14 сәуір күні Токио қаласындағы Қазақстан елшілігінде Жапониядағы қазақтар қауымдастығының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы СІМ хабарлады.

Министрлік өкілдері қауымдастықтың мақсаты Жапониядағы қазақстандықтармен байланыста болу, өзара қолдау көрсету және қандастарды біріктіру екенін айтады.

Қазіргі уақытта елшіліктің деректеріне сәйкес, Жапонияда тұрақты жұмыс істеп немесе оқып жүрген Қазақстанның 191 азаматы және Қытай, Моңғолия мен Өзбекстаннан барған 70-ке жуық қандастар тұрады.

Қазақстан елшісі Ерлан Баударбек Қожатаев коронавирус індеті өршіп тұрған кезде Жапонияда тұратын отандастар өздерінің бірлігін көрсетіп, Қазақстан халқына гуманитарлық көмек жіберу үшін күш біріктіргенін және соның нәтижесінде қауымдастық құру идеясы туындағанын мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз