АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартқаны туралы мәлімдемесінен кейін көп өтпей Twitter әлеуметтік желідегі парақшасында Солтүстік Кореямен келіссөздер орнатып жатқанын, келіссөздер жемісін берсе АҚШ-КХДР саммиті бұрын жоспарлаған уақытта өтетінін мәлімдеді.
Дональд Трамп АҚШ президенті: Біз Солтүстік Кореямен АҚШ-КХДР саммитіне қайта оралу туралы өте жемісті келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер барлығы жақсы өтсе, саммит бұрын жоспарлағандай 12 маусымда Сингапурде өтеді. Қажеттілік болған жағдайда кездесу уақыты ұзартылады.
We are having very productive talks with North Korea about reinstating the Summit which, if it does happen, will likely remain in Singapore on the same date, June 12th., and, if necessary, will be extended beyond that date.
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) May 26, 2018