Трамп тағы да ойынан айнып қалды

0
59
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартқаны туралы мәлімдемесінен кейін көп өтпей Twitter әлеуметтік желідегі парақшасында Солтүстік Кореямен келіссөздер орнатып жатқанын, келіссөздер жемісін берсе АҚШ-КХДР саммиті бұрын жоспарлаған уақытта өтетінін мәлімдеді.

Дональд Трамп АҚШ президенті: Біз Солтүстік Кореямен АҚШ-КХДР саммитіне қайта оралу туралы өте жемісті келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер барлығы жақсы өтсе, саммит бұрын жоспарлағандай 12 маусымда Сингапурде өтеді. Қажеттілік болған жағдайда кездесу уақыты ұзартылады.


Еске саламыз АҚШ президенті Дональд Трамп 12 маусым Сингапурда өтетін АҚШ-КХДР саммитіне қатыспайтынын айтып, Пхеньянға хат жолдады.

Ким Чен Ынге жіберілген хатта Трамп 12 маусымға жоспарланған кездесуге ниетті болғанын дегенмен, Солтүстік Корея өзінің соңғы әрекетімен «ашық дұшпандығын» білдіргенін алға тартып, АҚШ-КХДР саммитнің өткізу үшін тиімсіз уақыт деп есептегенін жеткізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз