«Ресей – Еуропаның ажырамас бөлігі» – Макрон

0
68
дереккөзден

Франция президенті Эммануель Макрон Ресейдің Еуропа Кеңесінде қалғанын қалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Макрон Петербургтегі халықаралық экономикалық форумның жалпы отырысында мәлім етті.

Ресей делегациясы 2014 жылдың сәуірінде Еуропа Кеңесінің Парламент ассамблеясында Қырымның Ресейге қосылуына байланысты негізгі лауазымдарынан айырылған еді. Қырымның Ресейге қосылуын Батыс аннексия деп санайды.

Өз кезегінде, Франция президенті Макрон «Ресей өз тарихымен Еуропаның ажырамас бір бөлігі екеніне толықтай сенімдімін», – деп мәлімдеді. Макрон экономикалық, әлеуметтік, қорғаныс саласында диалог жаңа әлеует алуы үшін Ресейдің Еуропалық Кеңестің құрамында қалғанын қалайтынын ашық айтты.

РФ президенті Владимир Путин жалпы отырыс алаңында Ресей АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге оң қабақ танытатынын алға тартты.

«Көп мәселелер туындауда. Бірақ, біз өнімді диалог жүргізуге құлықтымыз. Қазір біз талқылап жатқан қадамдар: Солтүстік Корея мәселесі, Иран, әрине бұлар бізді жақындатады, дегенмен, бұл аталған мәселелерді талқылауға себеп бола алады»,

– дейді Путин.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Петербургтегі халықаралық экономикалық форумның жалпы отырысында сондай-ақ Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, КХР төрағасының орынбасары Ван Цишань, Халықаралық Валюта қорының төрағасы Кристин Лагард мәлімдеме жасады. «Экономикаға сенім қалыптастыру» тақырыбында өтіп жатқан форум 26 мамырда өз жұмысын аяқтайды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз