Венесуэла президенті АҚШ-ты айыптады

0
58
Венесуэла президенті Николас Мадуро/дереккөзден

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ билігі елде әскери төңкеріс ұйымдастыруға ұмтылуда, деп мәлімдеді. Бұл туралы Globovision
хабарлайды.

Мадуроның пікірінше, әскери төңкеріс ұйымдастыру арқылы АҚШ елде билікті ауыстырып, «Боливариан революциясына нүкте қоймақ ниетте». Осы орайда Мадуро ұлттық қарулы күштер азаматтар үшін адалдықтың үлгісі іспеттес және ішкі, сыртқы қатерлерге қарсы тұра алатындай «моральді күшке ие» деп мәлімдеді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Венесуэла президенті ел аумағынан АҚШ-тың жоғары шенді елшісін қайтарады. АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі Тодд Робинсон орынбасарымен бірге Венесуэла аумағын тастап шықты. Мадуро дипломаттарды елдің ішкі ісіне араласты және Венесуэла үкіметіне қарсы ауыз жаласты деп айыптады.

Өз кезегінде АҚШ мемлекеттік департаменті аталған айыптауларды толықтай жоққа шығарды.

Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэладағы президент сайлауының қорытындысын Вашингтон мойындамайтынын алға тартып, аталған мемлекетке қарсы санкцияларды қатаңдату бойынша бұйрыққа қол қойды.

Сафина Саид

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз