Түркия Ресей дипломаттарының елден шығарылуына қосылмайды

0
61

Батыс елдері Мемлекеттік Барлау Басқармасының бұрынғы полковнигі Сергей Скрипальдің уланып қайтыс болуына Ресейді кінәлі деп танып, Мәскеу дипломаттарын өз аумағынан шығаруға шешім қабылдады. Анкара бұл оқиғаға байланысты Ресей дипломаттарын Түркия аумағынан шығарудан бас тартты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды. 

Түркия билігі Ресеймен арадағы қарым-қатынас жақсы болғандықтан Кремльге қарсы шаралар қолданбайтынын жеткізген.

Бекир Боздаг Түркия премьер-министрі: «Қазіргі таңда Түркия мен Ресей арасындағы байланыс жақсы. Түркия Ресейге қарсы қандай да бір шара қолдануды жоспарлап отырған жоқ».

Қазіргі таңда Канада,АҚШ және еуропа елдері Сергей Скрипальдің уланып қайтыс болуына Ресей Федерациясын кінәлап, жаза ретінде ресейлік жүзден астам дипломатты қуып жіберді.

Еске сала кетейік, Сергей Скрипаль мен оның қызы 4 наурыз күні Солсбери көшесінде ес-түссіз жатқан күйде табылған. Кейінірек, олардың өте күшті заттан уланғаны белгілі болды. Тереза Мэй бұл істе ресми түрде Ресейді айыптап отыр. Қазіргі таңда Кремль Сергей Скрипальдің өліміне қатысы бар деген айыптауларды жоққа шығаруда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз