Трамп Ким Чен Ынның Қытайға сапарына пікір білдірді

0
49

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ынның Қытайға сапарына қатысты пікір білдірді.

КХДР басшысы Қытайға жарымен бірге 25-27 наурызда құпия сапар жасады: басшының Қытайға сапар жасағаны Бейжіңнен үкімет поезды жүріп кеткеннен кейін белгілі болды. Бұған дейін Қытай АҚШ президенті Дональд Трампқа түсініктеме хат жолдаған еді.

Өз кезегінде, Құрама штаттар басшысы Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен бұл тақырып тұрғысында әңгіме өрбігенін мәлімдеді.

«Өткен түнде мен Си Цзиньпиннен Ким Чен Ынмен жақсы кездесу өткендігі туралы әрі Ким менімен кездесуге асық екендігі жайлы хабар алдым. Дегенмен, өкінішке орай, санкциялар мен қысым өз күшінде қалуы керек»,

деп жазады Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында (Twitter).

БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, Қытай үкіметінің мүшесі Ян Цзечи 29 наурызда КХДР басшысы Ким Чен Ынның Бейжіңге сапарын түсіндіру үшін Сеулге барады. Сапар барысында Ян Цзечидің Оңтүстік Кореяның президентімен кездесуі күтілуде.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ өз кезегінде, Токио КХДР басшысының Қытайға жасаған сапарына үлкен қызығушылық танытып, Бейжіңнен толық түсініктеме күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Киодо» агенттігі.

Қытай СІМ сайтында жарияланған ақпарға сәйкес, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин екі мемлекет басшысының келіссөздері қорытындысына сәйкес, КХДР басшысы Ким Чен Ынды Қытайға тағы да мемлекеттік сапар жасауға шақырды. Өз кезегінде, Ким Чен Ын «Қытаймен достық қарым-қатынас Пхеньян үшін өте маңызды» екендігін алға тартты, деп жазады ҚХР СІМ.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз