Дональд Трамп жеке дәрігерін министр етіп тағайындады

0
72
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің жеке дәрігері Ронни Джексонды ардагерлер істерінің жаңа министрі етіп тағайындады. Трамп бұл туралы «Twitter» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Дональд Трамп: Медицина ғылымдарының докторы Ронни Джексонды ардагерлер істерінің жаңа министрі етіп тағайындайтынымды қуана хабарлаймын. Әзірге министрдің міндетін атқарушы болып АҚШ Қорғаныс ведомствасынан Роберт Уилки тағайындалды.

Сонымен қоса, президент ардагерлер істері жөніндегі бұрынғы министр Давид Шулкинге атқарған қызметі үшін алғыс білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз