Вильнюс Ресейге қарсы «қара тізімді» кеңейтті

0
89
дереккөзден

26 наурызда Литва Ресей Федерациясының (РФ) 44 азаматына елге кіруге тыйым салды. Литва Ішкі істер министрлігі «Магнитский заңы» негізінде 21 ресейлік шенеунік пен лауазымды қызметкердің есімдері қара тізімге енді.

Бұған дейін аталған тізімде 70 фигуранттың есімі болды (соның ішінде Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров, РФ Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин). Вильнюс аталған фигуранттардан адам құқығын бұзу, жемқорлық және қаражат жымқыруда күдік келтіреді, деп жазады dw.com.

Өз кезегінде Литва миграция департаментінің директоры Эвелина Гудзинскайт ұлттық қауіпсіздік мақсатында Литваға тағы 23 ресейліктің кіруіне тыйым салынғанын хабарлады. Аталған азаматтардың есімі жарияланбайтын болып шешілді.

Дүйсенбі 26 наурызда Вильнюс Ресейдің Мемлекеттік Барлау Басқармасының бұрынғы басшысы Сергей Скрипаль мен оның қызын улады деп Ресейді айыптаған Ұлыбритания билігіне бітімгершілік мақсатта үш ресейлік елшіні ел аумағынан шығарды. Аталған шараны бірқатар ЕуроОдақ елдері де қолданды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз