Жаңа шақырылымдағы Мәжілістің алғашқы жалпы отырысы депутаттардың ант қабылдауымен басталды. Олар Конституциямен Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Ант мәтіні төмендегідей:
“Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін”
Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан 6, «AMANAT» партиясынан 40, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 8, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 4, «Қазақстан Халықтық партиясынан» 5, «Respublica» партиясынан 6 адам мәжіліске өтті. Бұдан бөлек 29 депутат бір мандатты округтерден сайланды. Жалпы мәжіліс депутатының саны 98 адамды құрады. Олар бүгін толықтай ант берді.