Ерлан Қошанов мәжіліс төрағасы болып сайланды

0
105
Ерлан Қошанов.

Депутаттардың дауыс беру қорытындысы бойынша VIII сайланған Мәжіліс спикері болып «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов сайланды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Сайлау тікелей жасырын дауыс беру арқылы өткен. Ол үшін депутаттар арасынан Санақ комиссиясы құрылған. Ол дауыс беру барысы мен дауыстарды санауды қадағалайды.

Спикер Ерлан Қошанов вице-спикерлікке Альберт Рау мен Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. Дауыс беру ашық форматта өтті. Мәжілісмендер палата төрағасының ұсынысын қолдады.

Бұдан бөлек:

  • Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып Асхат Аймағамбетов сайланды.
  • Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болып Снежанна Имашева сайланды.
  • Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Мәди Такиев сайланды.
  • Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болып Еділ Жаңбыршин сайланды.
  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Айгүл Құспан сайланды.
  • Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болып Серік Егізбаев сайланды.
  • Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болып Нұртай Сабильянов сайланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз