Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ға өсті

0
115
Тұрғын үй құрылысы.

Қаңтар-ақпан айында құрылыс жұмысының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға өсіп, 295,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша көлемнің ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (35,4% – ға) мен құрылыстарды (5,3% – ға) салу және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (24,7%) және тұрғын үйлер (12,5%) алады.

Өңірлік тұрғыда республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалды.

Ең үлкен өсім:

Жамбыл обл. – 75,2%-ға
Маңғыстау обл. – 55,6%-ға
Ақтөбе обл. – 27,8%-ға
Абай обл. – 25,3%-ға
Қызылорда обл. – 21,3%-ға
Атырау обл. – 18,9%-ға
Павлодар обл. – 17,0%-ға

Айта кетейік, республикадағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің жеке құрылыс ұйымдары – 73,4%, шетелдік – 26,3% және мемлекеттік – 0,3% орындаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз