Медицина қызметкерлері заң арқылы қорғалуға тиіс – Президент

0
170
photo: Pixabay

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы барысында Денсаулық сақтау жүйесі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Адам капиталын дамытуға қатысты тағы бір мәселе – Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді болуы. Еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет. Оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес. Мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр”, – деді мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек Тоқаевтың айтуынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған.

“Жұмыстың бәрі уақтылы әрі сапалы жасалуы керек. Бұл – өте маңызды. Барлық жауапкершілік әкімдерге жүктеледі”, – дейді президент.

Сондай-ақ, президент медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға көп көңіл бөлу қажет екенін жеткізді.

“Олардың әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмауға тиіс. Осыған қатысты арнайы заң жобасы Парламентте бір жылға жуық талқыланды. Бұл құжатта, негізінен, дәрігерлердің жауапкершілігін сақтандыру ғана көзделген. Осы ретте медицина саласының беделін арттыруға қатысты депутаттар мен мамандардың нақты ұсыныстары ескерілмеген. Медицина қызметкерлері заң арқылы қорғалуға тиіс. Парламент осы мәселені ерекше назарға алғаны жөн”, – деді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз